ММА. Париждегі UFC турнирінің басты шайқасы белгілі болды

Париждегі турнир қызу өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, жуырда UFC орта салмақтағы рейтингінің бірінші сатысында тұрған француздық файтер Нассурдин Имавов 18 тамызда Чикагода өткен UFC 319 турнирінде Дрикусс Ду Плессис пен Хамзат Чимаев арасындағы жекпе-жекке резервтегі қатысушы рөлінен бас тартқанын айтқан болатын. Оның орнына ол дивизионның алтыншы нөмірі – бразилиялық Кайо Борральюмен кездесуге дайын екенін білдірді.
"Мен енді резервтегі файтер емеспін. Шарт өзгерді. Сөйлескің келді - мен осындамын. Мен ссені сындырамын, Кайо Борралью", - деп жазды 30 жастағы Имавов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осылайша, 6 қыркүйекте Парижде өтетін UFC Fight Night турнирінің басты оқиғасы Нассурдин Имавов (16-4, UFC: 8-2) пен Кайо Боррало (17-1, UFC: 7-0) арасындағы жекпе-жек болмақ.