Анна Данилина Ұлыбританияда қанша табыс тапқаны белгілі болды

Анна Данилина Ұлыбританияда қанша табыс тапқаны белгілі болды

Анна Данилина қатарынан үшінші финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сында Қазақстанның үздік ойыншысы Анна Данилина жапониялық Эна Шибахарамен дуэтте WTA 250 турнирінің финалында бразилиялық Беатрис Хаддад Майя мен германиялық Лаура Зигемундтан 3:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Жеңілгеніне қарамастан, Данилина мен Шибахара финалға шыққаны үшін қомақты сыйлық алды. Теннисшілердің әрқайсысы 7 430 доллар сыйақы алып, WTA рейтингінде 163 ұпай еншіледі. Турнир жеңімпаздары өз кезегінде есепшоттарын 13 200 долларға толықтырып, 250 рейтингтік ұпайға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или