Мадридтік «Реал» әлем чемпионатының матчында он футболшымен жеңіске жетті

Клубтар арасындағы әлем чемпионатында H тобындағы екінші тур ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Шарлоттадағы Bank of America Аренада өтті.
«Реал» матчтың басында бір адаммен қалды — жетінші минутта Рауль Асенсио тікелей қызыл қағаз алды. Десе де, он ойыншымен қалса да мадридтіктер жеңіске жетті. 35-минутта Джуд Беллингем есеп ашса, сегіз минуттан кейін Арда Гулер корольдік клубтың басымдығын еселей түсті.
Испандықтар екінші таймда да үстемдігін жалғастырды. 70-минутта Федерико Вальверде гол соғып, есепті 3:0-ге жеткізді. Тек 80-минутта Элиас Монтиэль мексикалық команданың жалғыз голын соқты. .
Реал – Пачука 3:1 (2:0)
Гол соққандар: 1:0 Беллингем 35 (1:0), Гулер 43 (2:0), Вальверде 70 (3:0), Монтиэл 80 (3:1)
Алаңнан қуылды: Асенсио 7
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или