«Жетісу» оқу-жаттығу жиынының ақшасын әлі төлемеген

«Жетісу» оқу-жаттығу жиынының ақшасын әлі төлемеген

Талдықорғандық «Жетісу» клубы қаңтар айында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп келген еді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірақ сол жиынды ұйымдастырған компанияға ақшасын (200 мың еуро) төлемей, кепілхат жазып, алдағы бірнеше айда береміз деп уәделескен. Бұл туралы инсайдер Владимир Жарков хабарлады.

Клубтың директоры Марк Гурманның айтуынша, мемлекет тарапынан берілетін қаржы кеш бөлінгендіктен, ОЖЖ шығындарын бұл ақшаның ішіне қоса алмаған. Енді қарызды демеушілер тарапынан келетін ақшамен жабуы тиіс. Бірақ ол ақшаны легионерлердің жалақысын төлеу үшін жұмсауда.

Егер «Жетісу» бұл мәселені тез арада шешпесе, үлкен санкцияларға тап болуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или