Қазақстан U21 құрамасы жағажай волейболынан Азия чемпионы атанды

Таиландтың Ройет қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан U21 құрамасы аталған сайыста чемпион атанды.
Құрлық додасында ел намысын Клим Рюхов пен Владислав Мастихин қорғады. Жалпы жарысқа 16 елдің командалары қатысады.
Осылайша қазақстандық жігіттер Мексикада өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или