Мирас Жүгінісов Дастан Сәтпаевқа марапат табыстады

Мирас Жүгінісов Дастан Сәтпаевқа марапат табыстады

Алматыдағы «Қайрат» пен «Қызылжар» арасындағы кездесудің алдында жанкүйерлер ерекше сәттің куәсі болды,  деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған матчта танымал әнші Мирас Жүгінісов ойынның арнайы қонағы ретінде алаңға шықты. Ол мамыр айының үздік ойыншысы атанған Дастан Сәтпаевқа «Кинопоиск. Айдың үздік ойыншысы» марапатын салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар Мирас ойын алдындағы символикалық допты ойынға қосу рәсімін де орындады.

Айта кетейік, «Қайрат» өз алаңында өткен матчта Валерий Громыко соққан голдың арқасында «Қызылжарды» жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или