«Астана» сырт алаңда «Ақтөбені» минималды есеппен жеңді

«Астана» сырт алаңда «Ақтөбені» минималды есеппен жеңді

Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында ҚПЛ-ның 13-туры аясында жергілікті «Ақтөбе» өз алаңында «Астананы» қабылдады,  деп хабарлайды Prosports.kz

Турдың орталық матчы саналған кездесуде елордалық ұжым минималды есеппен жеңіске жетті. Матч тағдырын кездесу соңындағы пенальтиден соғылған гол шешіп кетті. Голды 83-ші минутта астаналық ұжымның легионері Назми Грипши соқты.

Осылайша Григорий Бабаян шәкірттері турнирлік кестеде 33 ұпаймен көш басына шықты. Ал ақтөбеліктер болса төртінші орынға түсіп қалды.

«Астана» чемпионаттағы қатарынан бесінші жеңісіне жетті. Ал «Ақтөбе» чемпионатта төрт ойын қатарынан жеңіске жете алмай келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или