«Қайсар» мен «Ұлытау» тең тарқасты

«Қайсар» мен «Ұлытау» тең тарқасты

Бүгін, 22 маусымда Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда жергілікті «Қайсар» жезқазғандық «Ұлытауды» қабылдады,  деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚПЛ 13-тур аясында өткен матчта екі ғана гол соғылды. Бірінші болып қонақтар есеп ашты. Ойынның 16-шы минутында қазақстандық шабуылшы Жасұлан Молдақараев гол соқты. Бірақ бірінші таймның ортасынан асқан тұста «Ұлытау» қорғаушысы Хосе Карилио тікелей қызыл қағаз алып ойынна қуылды.

Осы басымдықты пайдаланған алаң иелері есепті теңестіруге ұмтылды. Толассыз жасалған шабуылдардың бірінде Нұрдаулет Ағзамбаев есепі теңестірді. 87-ші минутта соғылған матчтағы соңғы гол болып тіркелді. Осылайша матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Қос команда да бір ұпайды қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или