«Барыс» бапкерін ауыстырмайды

«Головой Об Лед» Instagram парақшасы «Барыс» клубындағы бапкерлік жағдайға қатысты тың ақпаратпен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.
Мәліметке қарағанда, клубта басшылық ауысқанымен, бас бапкер қызметінде әзірге Ғалым Мамбеталиев қала береді. Алайда қос тараптың тіл табысуы мен жұмыс істеу тәсілі маңызды рөл ойнамақ. Себебі мәселе қаржыға келіп тіреледі.
Ғалым Мамбеталиев – КХЛ-дегі ең төмен жалақы алатын бапкерлердің бірі. Десе де, оның айлығы шамамен 10 миллион рубльді (60 миллион теңге) құрайды. Келісімшарт мерзімі ұзақ, ал оны бұзу үшін клубқа 200 миллион теңгеге жуық өтемақы төлеу керек. Қаржылық қиындықтарға байланысты мұндай қадамға «Барыстың» жаңа басшысы бармайды деген болжам бар.
Сондықтан Мамбеталиев орнында қалады. Бірақ ол нақты бас бапкер бола ма, әлде қасына ықпалды көмекші бекітіле ме – бұл әзірге белгісіз.