Деку: «Ямальда Месси мен Роналдиньоға тән қасиет бар»

«Барселонаның» спорт директоры Деку Ламин Ямальдың Месси мен Роналдиньоға ұқсас қыры туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.
«Нағыз талант иелері – басқалар байқамаған нәрсені көре алатындар. Ламинде дәл осындай қасиет бар. Ол өз стилімен футболда үстемдік құрып жүр», – деді Деку La Vanguardia басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Лионель Месси «Алтын допты» сегіз рет жеңіп алса, Роналдиньо бұл марапатқа 2005 жылы қол жеткізген. Ал Ламин Ямаль былтырғы маусымда барлық турнирде 55 ойынға қатысып, 18 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген. Осы жетістігі арқылы ол да «Алтын допқа» үміткерлердің қатарына кіріп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или