Марсело «Реалдағы» әріптестерінен мінсіз ойыншыны жасақтады

Марсело «Реалдағы» әріптестерінен мінсіз ойыншыны жасақтады


Мадридтік «Реалдың» бұрынғы қорғаушысы Марсело TNT Sports арнасында испан клубында бірге ойнаған серіктестерінен тұратын идеал футболшыны жасақтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бразилиялық қорғаушы тек Чемпиондар лигасын бірнеше мәрте жеңген ойыншыларды таңдады. Оның пікірінше, мінсіз футболшы мына қасиеттерден құралады:

Сол аяқ – Роберто Карлос (ЧЛ-ды 3 рет жеңген); Оң аяқ – Тони Кроос (6 рет); Баспен ойын – Криштиану Роналду (5 рет); Капитандық мінез – Серхио Рамос (4 рет); Техника – Иско (5 рет); Футболдық интеллект – Лука Модрич (6 рет); Жылдамдық – Винисиус Жуниор (2 рет).

Айта кетейік, Марсело «Реал» сапында 2007–2022 жылдар аралығында өнер көрсетіп, клубпен бірге 25 трофей иеленген. 2025 жылы оның ұлы Энцо Алвес Мадрид командасымен келісімшартқа отырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или