Самородовтың «Ахматта» жаңа бәсекелесі пайда болды

Самородовтың «Ахматта» жаңа бәсекелесі пайда болды


Аргентина шабуылшысы Брайан Мансилья енді грозныйлық «Ахмат» клубының намысын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұған дейін ол Ресейдің «Оренбург» командасында ойнаған.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, футболшы Новогорскідегі оқу-жаттығу жиынына қосылып, медициналық тексерістен өтті. Жексенбі күні алғашқы жаттығуына шығады. Шарт бойынша Мансилья клубта үш жыл ойнайды.

2022 жылы «Оренбургке» ауысқанға дейін ол Аргентинадағы «Расинг», «Кильмес», «Химнасия», «Платенсе» және Португалиядағы «Витория», «Фаренсе» клубтарында ойнаған.

Айта кетейік, «Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов та ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или