«Реал Мадрид» - «Пачука»: болжам

«Реал Мадрид» - «Пачука»: болжам

Хаби Алонсо «Реал Мадрид» бас бапкері ретінде екінші матчын өткізеді. Клубтар арасындағы әлем чемпионаты аясында оның қарсыласы «Пачука» болады. Мадридтік команда турнирдің алғашқы жеңісіне қол жеткізуге тырысады. Бұл матч 23 маусымға қараған түні 00:00-де басталады.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

«Реалдың» Алонсо басқаруымен өткізген алғашқы ойыны сенімді болмады. Мадридтіктер ойын жағынан ғана емес, нәтиже жағынан да сенімді көрінбеді. «Әл-Хиләлға» қарсы өткен кездесудің бірінші таймы көңілден шықпады. Дегенмен екінші таймда «Реал» әлдеқайда жақсы ойнап, жеңіске жақын болды. Вальверде қосымша уақытта пенальтиден мүлт кетпегенде, үш ұпайды иеленер еді. Дегенмен бұл тең ойын аса ауыр соққы болған жоқ – мадридтіктердің тобы аса қиын емес.

Алғашқы ойында «Реал» ең мықты құраммен шыққан жоқ. Мысалы, Рюдигер мен Мбаппе болмады. Рюдигер маусым соңында алған жарақатынан айығып жатыр, ал Мбаппеге вирус жұғып, соңғы күндері жаттығу жасай алмады. Сонымен қатар, Алаба, Камавинга, Менди, Милитао, Карвахаль, Эндрик секілді бірнеше ойыншы да қатарда жоқ.

«Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа «Әл-Хилалмен» болған матчтан кейін командаға Хаби Алонсоның талабына бейімделу үшін бірнеше күн аз екенін айтты. Қорғаныстағы сенімсіз ойын да тосын жағдай емес – бұл жағынан команда Карло Анчелотти кезінде де жиі қателесетін. Қорғаныс сапындағы көп жарақат та жағдайды ушықтырып отыр.

Ал мексикалықтар австриялық «Зальцбургке» қарсы бірінші ойында ұпай аламыз деп үміттенген, алайда нәтиже көңіл көншітпеді. Соған қарамастан, «Пачука» матч бойы қарсыласынан кем түспеді, тіпті статистика бойынша «бұқаларды» басып озды. Хайме Лосаноның шәкірттері 90 минут бойы тұрақты әрі сенімді ойын көрсетті – матчты бөліп-жарып ойнаған жоқ. Тек голдар жетіспеді – 1:2 есебімен жеңілді.

Бас бапкер Хайме Лосано командасының алғашқы ойынынан кейін қатты көңілі қалған жоқ. Сол себепті құрам мен тактикаға күрделі өзгерістер енгізу қажет емес. «Зальцбургке» қарсы матчтағыдай құрам күтуге болады. Жазда келген қорғаушы Перейра мен шабуылшы Палавесино командаға тез бейімделіп, бірінші турда негізгі құрамда шықты – екеуі де өз позицияларын сақтап қалуы мүмкін.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі матчқа мынадай коэфициент ұсынады: 1.33 – «Реалдың» жеңісі, 6.10 – тең нәтиже, 9.20 – «Пачуканың» жеңісі.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или