Қазақстандық атлет Ташкентте жеке рекордын орнатты

Қазақстандық атлет Ташкентте жеке рекордын орнатты


21 маусым күні Ташкентте өткен Геннадий Арзумановты еске алу турнирінде қазақстандық Виталий Земс 200 метрге жүгірудің финалында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарағандылық желаяқ алдымен іріктеу кезеңінде 21.10 секунд нәтижемен бірінші келді. Ал финалда одан да жоғары қарқын көрсетіп, 20.88 секундта мәре сызығын кесіп өтті. Екінші орынды 20.91 уақытпен түрік спортшысы Батухан Алтынтас иеленді. Бұл екеуінің арасын небәрі 0.02 секунд айырма бөлді. Үшінші болып өзбекстандық Умид Набиев келді — 21.53 секунд.

Финалға Өзбекстаннан тағы екі, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстаннан бір-бір спортшыдан қатысты. Жалпы 200 метрге жүгіруде 18 атлет өнер көрсетті.

Айта кетейік, Виталийдің бұл нәтижесі – 2025 жылғы үздік уақыты ғана емес, сонымен қатар оның жеке рекорды саналады. Бұған дейін ол мамыр айында Кореяның Гуми қаласындағы Азия чемпионатында 21.25 секундпен жартылай финалға дейін жеткен болатын. Ташкенттегі нәтижесі сол кезде финалға өтуге жеткілікті болар еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или