Еркін күрес. Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 7 медаль алды

Еркін күрес. Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 7 медаль алды

Вьетнамның Вунгтау қаласында Еркін күрестен 23 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап. .

Құрлықтық додада қазақстандық балуандар 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленді.

Нәтижесінде жалпы командалық есепте Үндістаннан кейін екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді.

Ел құрамасынан Маис Алиев (70 келі) чемпион атағын жеңіп алды.

Күміс медальға Мерей Базарбаев (61 келі), Елнар Шілдебай (86 келі), Нұрдәулет Бекенов (97 келі) ие болса, Нұрдәулет Сейілбеков (74 келі), Асхаб Хаджиев (79 келі), Әлімжан Сәлімжан (125 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Биыл құрлықтық додаға еркін күрес бойынша 13 мемлекеттен 80 спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или