Денис Мамонов «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

«Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы Денис Мамонов қызметінен кетті. Ол қызметке мамырдың соңғы онкүндігінде кіріскен еді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
«Атырау» футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбектің дерегіне сүйенсек, енді бас жаттықтырушының міндетін атқару Нұрғазы Хайруллинге жүктелген.
— Өзара келісімге сәйкес команданың бас жаттықтырушысы Денис Мамонов, бас жаттықтырушының ассистенті Руслан Жәңгіров пен дене шынықтыру жөніндегі жаттықтырушы Сергей Клинков қызметінен кетті. Олардың жұмысына ризашылық білдіремін. Команданы басқа адамдар жинады. Енді алдағы күндері жаңа бас жаттықтырушыны таныстырамыз, - деп хабарлады Дидар Сыдықбек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или