Бублик Галледегі турнирде финалға шықты

Бублик Галледегі турнирде финалға шықты


Әлемдік рейтингте 45-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP турнирінің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда ол ресейлік Карен Хачановпен (21-орын) кездесіп, 4:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Турнир барысында Бублик бірқатар сенсация жасады. Ол алдымен әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жарыстан шығарса, одан кейін 23-орындағы чех Томаш Махачты тізе бүктірді.

Финалда Александр тағы бір ресейлік спортшы — Даниил Медведевпен (11-орын) кортқа шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или