«Ордабасы» Шымкентте «Оқжетпесті» ұтты

ҚПЛ-дың 13-турында «Ордабасы» сырт алаңда «Оқжетпеске» қарсы матч өткізіп, маңызды жеңіске қол жеткізді. Ойынның жалғыз голы қосымша уақытта соғылды.
Шымкенттіктер басымдықты матч басынан өз қолына алды. Бірақ алаң иелерінің қорғанысын бұзу оңай болған жоқ. «Оқжетпес» қарымта шабуылдар ұйымдастырғанымен, нәтижеге жете алмады.
Тек 94-минутта Сағадат Тұрсынбай допты қақпаға жеткізіп, «Ордабасыға» үш ұпай сыйлады. Осы нәтижеден кейін қонақтар 19 ұпайға ие болса, «Оқжетпестің» еншісінде 20 ұпай қалды. Екі команда да турнир кестесінің орта тұсында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или