«Елімай» жеңісті ойын соңында жұлып алды

«Елімай» жеңісті ойын соңында жұлып алды


ҚПЛ-дың 13-турында «Елімай» өз алаңында «Туранды» 2:1 есебімен жеңіп, үш ұпай еншіледі. Жеңіс добы қосымша минуттарда соғылды.

Семейліктер алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін қолына алып, үзіліске дейін есеп ашты — Фессу Плакка Неманья Чаласанның пасын голға айналдырды. Екінші таймда қонақтар шабуылды күшейтіп, Ерасыл Сарсенбайдың соққысымен таразы басын теңестірді.

Алайда матчтың 91-минутында алаңға екінші таймда шыққан Жан-Али Пайруз шешуші гол соғып, «Елімайға» маңызды жеңіс сыйлады. Осылайша, семейлік клуб 21 ұпаймен турнир кестесінің орта тұсында тұрса, «Туран» 11 ұпаймен төменгі орындарда қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или