«Тобыл» «Жетісуды» жеңген соң үздік үштікке енді

«Тобыл» «Жетісуды» жеңген соң үздік үштікке енді


Костанайдың «Тобыл» командасы Премьер-лиганың 13-турында «Жетісуды» өз алаңында жеңіп шықты. Матч 21 маусым күні өтті, есеп – 2:1.

Ойын басталысымен-ақ алаң иелері басымдық танытты. 19-минутта Жаслан Жұмашев Ислам Чесноковтың пасынан кейін есеп ашты. Екінші таймда Чесноковтың өзі мергендік танытып, басымдықты арттырды. Қонақтар бір голмен жауап қатты, алайда таразы басын теңестіре алмады.

Бұл жеңістің арқасында «Тобыл» ұпай санын 27-ге жеткізіп, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал «Жетісу» 10 ұпаймен төменгі қатарда қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или