«Атыраудың» бас бапкері қызметінен кетті

«Атыраудың» бас бапкері қызметінен кетті

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Денис Мамонов пен оның көмекшілері командадан кетті. Бұл туралы клубтың бас директоры Дидар Сыдықбек мәлім етті.

Оның айтуынша, Мамоновпен қатар бапкерлік штаб мүшелері – ассистент Руслан Жангиров пен физикалық дайындыққа жауапты Сергей Клинковпен келісімшарт өзара келісім негізінде тоқтатылған. Қазіргі таңда бас бапкердің міндетін уақытша Нұрғазы Хайруллин атқаруда.

Сыдықбек бапкерлер құрамына алғысын білдіріп, қиын жағдайда бар күшін салғандарын атап өтті. Жаңа бас бапкердің есімі алдағы күндері жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или