Golden Boy 2025 жүлдесіне бірде-бір қазақстандық футболшы үміткер ретінде ұсынылмады

Италиялық Tuttosport басылымының сайтында 2025 жылғы Golden Boy жүлдесіне дауыс беру басталды — бұл марапат Еуропадағы 21 жасқа дейінгі ең үздік футболшыға беріледі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Golden Boy 2025 жүлдесіне ұсынылған 100 үміткердің қатарында қазақстандық футболшылар да, Қазақстан чемпионатында ойнайтын шетелдік ойыншылар да жоқ.
Айта кетейік, 2024 жылғы Golden Boy жүлдесін «Барселонаның» испаниялық вингері Ламин Ямаль жеңіп алған болатын. Бұл сыйлық 2003 жылдан бері табысталып келеді.
Golden Boy 2025 жүлдесіне үміткерлер қатарында Пау Кубарси, Ламин Ямаль, Эктор Форт (барлығы — «Барселона»), Дезире Дуэ мен Уоррен Заир-Эмери (екеуі де — ПСЖ), Эндрик пен Арда Гюлер (екеуі де — мадридтік «Реал»), Кобби Майну («Манчестер Юнайтед»), Кенан Йылдыз («Ювентус») және басқа да футболшылар бар.