«Манчестер Юнайтед» «Бавария» жартылай қорғаушысын қатарына қоспақ

«Манчестер Юнайтед» «Бавария» жартылай қорғаушысын қатарына қоспақ

«Манчестер Юнайтед» 29 жастағы «Бавария» жартылай қорғаушысы Жоау Пальиньяны қатарына қосқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Caught Offside мәліметінше, мюнхендік клуб португалиялық футболшыны 30–35 млн еуроға сатуға дайын, дегенмен олар футболшыны өткен маусымның басында 50 млн еуроға сатып алған болатын. Сонымен қатар, Пальинья «Манчестер Юнайтедтің» басым трансферлік мақсаты емес екені атап өтілген.

Өткен маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирде 24 матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді. Ойыншының клубпен келісімі 2028 жылдың жазына есептелген. Transfermarkt порталы футболшыны 30 млн еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или