Илкай Гюндоган Түркия чемпионатына ауысуға жақын

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы және Германия құрамасының бұрынғы капитаны Илкай Гюндоган карьерасын Түркияда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі L'Équipe басылымына сілтеме жасап.
Ол «Галатасарай» клубымен келіссөздердің соңғы кезеңінде тұр — тараптар болашақ келісімшарттың шарттарын келісіп қойған.
Қазіргі уақытта Гюндоган АҚШ-та клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысып жатқан «Сити» клубының сапында өнер көрсетеді. Манчестерлік клубпен 2026 жылдың жазына дейін келісімі бар болғанына қарамастан, клуб басшылығы оның кетуіне кедергі жасамайды және ойыншыны еркін агент ретінде босатуға дайын.
2024/25 маусымында Гюндоган 51 матч өткізіп, 3 гол және 7 нәтижелі паспен көзге түсті. Бұған дейін ол «Бохум», «Нюрнберг», дортмундтық «Боруссия» және «Барселона» клубтарында ойнаған. «Галатасарайға» ауысуы Еуропаның ең тәжірибелі жартылай қорғаушыларының бірі үшін мансаптағы жаңа кезең болмақ.