Клубтар арасындағы әлем чемпионатында ерекше футболшы алаңға шықты

Клубтар арасындағы әлем чемпионатында ерекше футболшы алаңға шықты

«Сиэтл Саундерс» шабуылшысы Джорджи Минунгу тек бір көзімен ғана көреді, алайда соған қарамастан АҚШ-та өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем чемпионатында мадридтік «Атлетикоға» қарсы матчта алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын кеше, 20 маусым күні Сиэтлдегі «Люмен Филд» стадионында өтті және мадридтік клуб 3:1 есебімен жеңіске жетті. Минунгу екінші таймның соңына қарай алаңға шығып, 11 минут өнер көрсетті – бұл оның клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы дебюті болды.

Минунгу көру қабілетінен 2023 жылы айырылған: «Сиэтлдің» Испаниядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде оның көзіне инфекция түсіп, ісініп кеткен. Дәрігерлер көзін сақтап қалғанымен, ойыншы ол көзбен қайта көре алмады.

Минунгу — Кот-д’Ивуар тумасы, жасы 22-де. Ол 2024 жылдың тамыз айынан бері «Сиэтл Саундерс» клубында ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или