Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында екінші медалін жеңіп алды

Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасындағы семсерлесуден командалық жарыстың финалы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алтын жүлде үшін Қазақстан мен Жапония құрамалары сынға түсті. Тартысты өткен кездесуде жапон спортшылары жеңіске жетті. Кездесу 45:39 есебімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. «Күміс» жүлдені Елмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай жеңіп алды.
Айта кетейік, Жапония құрамасы 2024 жылғы Олимпиадада финалға дейін жетіп, шешуші жекпе-жекте Венгрияға жол берген болатын.
Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін Вадим Шарлаимов жекелей сында үшінші орын алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или