«ПСЖ» Украина құрамасының ойыншысымен келісімшартқа отырады

«ПСЖ» Украина құрамасының орталық қорғаушысы Илья Забарныйдың трансфері бойынша ағылшындық «Борнмутпен» келіссөздердің соңғы сатысында, деп хабарлайды Prosports.kz сайты инсайдер Фабрицио Романоға сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, париждік клуб жаңартылған ұсыныс дайындап, «Борнмутпен» жақын арада түпкілікті келісімге келеді деп күтуде.
Бұған дейін ықтимал мәміленің сомасы шамамен 55 миллион фунт стерлингті құрайтыны хабарланған болатын.
2023/24 жылғы маусымында Забарный «Борнмут» сапында 39 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или