Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатының финалына шықты

Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы семсер қаруымен айқасудан финалға жолдама алды.

Бұл сында еліміздің намысын Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Курбанов қорғауда.

1/8 финалда команда Түрікменстаннан 45:21 есебімен басым түсті. Одан кейін қазақстандықтар Сингапурды 43:31 есебімен жеңді. Жартылай финалда Қытайды 45:24 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Алтын медаль үшін Қазақстан құрамасы Жапониямен кездеседі. Финал 21 маусымда өтеді.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или