«Интер» – «Урава»: Қай команда турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізеді?

Маусымның 21-нен 22-сіне қараған түні АҚШ-тың Сиэтл қаласында 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының Е тобы аясында «Интер» (Италия) мен «Урава Ред Даймондс» (Жапония) кездеседі.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Интер»
Турнир басталар алдында «Интер» Е тобының айқын фавориті саналғанымен, бірінші матчта біршама қиындыққа тап болып, мексикалық «Монтерреймен» тең ойнап қалды (1:1). Фаворит мәртебесіне және матч барысындағы басымдыққа қарамастан, италиялық команда алғаш болып гол жіберіп алды. «Интер» ойынды толық бақылауда ұстады, қақпаға 15 соққы жасап, гол соғу мүмкіндігі (xG) көрсеткіші 2.57 болды. Соған қарамастан бұл матчта «нерадзурри» өз тарихында алғаш рет клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жете алмады (бұған дейін қатарынан екі рет жеңіске жеткен) әрі алғаш рет гол жіберіп алды.
«Интер» дәл пастар арқылы позициялық шабуыл жасауға үйренген. Өткен маусымда команда А сериясында дәл пас беру бойынша ең үздік көрсеткішке жетті — 87,55%. Ойыншылар дриблингке сирек жүгініп, ұжымдық ойын мен нақты комбинацияны жөн көреді.
Команданың басты осал тұсы — ойыншылардың жасы, сондықтан команда екінші таймда физикалық тұрғыда әлсіреп қалады. Статистика бойынша кейінгі 17 ресми матчта «нерадзурри» екі рет қана ойынның екінші жартысында жеңіске жеткен. Бұл командада физикалық тұрғыда проблема бар екенін және толық 90 минут бойы жоғары деңгейде өнер көрсету қиын екенін көрсетеді.
«Уравы Ред Даймондс»
Жапониялық «Урава» Азиядағы алпауыт клубтардың бірі саналады, екі жыл бұрын команда АФК Чемпиондар лигасын жеңіп алып, одан бір жылдан кейінгі маусымда клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына жетті. Алайда кейінгі кездегі көрсеткіші көңіл көншітпейді, қазір Жапония J-лигасының турнирлік кестесінде үздік үштікке де кірмейді.
Жапониялық клуб турнирдегі алғашқы ойынын аргентиналық «Ривер Плейтке» қарсы өткізіп, 1:3 есебімен жеңілді. Жапон клубы жалғыз голын пенальтиден соқты, бірақ статистикалық тұрғыда қарсыласынан аса әлсіз болған жоқ: тура соққы бойынша да (6 және 5), xG көрсеткіші бойынша да (1.09 және 1.01) оңтүстік америкалықтардан басым болды. Соған қарамастан жеңіліп қалды. Бұл «Ураваның» клубтар арасындағы әлем чемпионатында қатарынан үшінші жеңілісі және осы кездесулердің бәрінде команда өз қақпасына кемінде үш гол жіберіп алды.
Алғашқы турдағы жеңілістен кейін нашар гол айырмасымен жапониялық клуб Е тобында соңы орында тұр.
Болжам
Қағаз жүзінде «Интер» айқын фаворит. Бірақ екінші таймдағы тұрақсыз нәтиже «Ураваға» оң нәтижеге мүмкіндік береді. Жапониялық команда аз да болса, нәтижелі шабуыл жасай біледі, оның үстіне қос команданың да қорғансы мінсіз емес, демек бұл ойында екі тарап та гол соғуы мүмкін.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі матчқа мынадай коэфициент ұсынады: 1.37 – «Интердің» жеңісі, 5.20 – тең нәтиже, 7.90 – «Ураваның» жеңісі.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.