ГЛАВНАЯ
Қазақстан футболы
«Қайсар» голкипері қақпашылар карьерасының басты ерекшеліктері туралы айтты
«Қайсар» голкипері қақпашылар карьерасының басты ерекшеліктері туралы айтты

«Қайсар» футбол клубының қақпашысы Нұрымжан Салайдин Sport+ сайтына берген сұхбатында қақпашылар карьерасының басты ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Көптеген қақпашылар футболды кеш бастап, сол кезде ғана таныла бастайды. Қақпашы үшін ең бастысы — тәжірибе. Әрине, жастайынан көзге түсетін талантты қақпашылар болады, бірақ көпшілігі 30 жастан кейін ғана негізгі құрамда ойнай бастайды. Мысалы, Игорь Шацкийді алайық: менің білуімше, ол ұлттық құрамаға 30-31 жасында шақырылды. Оның жұлдызы 30-дан кейін жанды десек болады. Мұндай мысалдар әлемде де көп. Өз басым да дәл осындай жолмен келе жатырмын: 30-дан кейін мені үлкен белестер күтіп тұрған болар деп ойлаймын», — деді Нұрымжан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или