Қазақстандық балуан қыз бір жылда екі рет Азия чемпионатында жүлде алды

Қазақстандық балуан қыз бір жылда екі рет Азия чемпионатында жүлде алды

Вунгтауда (Вьетнам) күрес түрлерінен жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Зейнеп Баянова жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Батысқазақстандық балуан 23 жасқа дейінгілер арасында 53 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, З.Баянова қола медаль үшін бәсекеде өзбекстандық Дилшода Матназарованы айқын басымдылықпен ұтты — 13:1.

Бұл — Зейнептің биылғы Азия біріншілігіндегі екінші қоласы. Осыған дейін ол Иордания астанасы Амманда ересектер арасында өткен құрлықтық бәсекеде қола жүлдегерлер қатарынан көрінген еді. 20 жастағы балуанның жеке бапкері — Мұсабек Нарегеев.




https://kaz.inform.kz/news/otandik-baluan-kiz-br-zhilda-ek-ret-aziya-chempionatinin-kola-zhuldesn-zhenp-aldi-b4188c/

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или