Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында бесінші орын алды

Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында бесінші орын алды

Семсерлесуден Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында кезекті жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылыш қаруымен семсерлесуден ерлер арасындағы сайыстың жеңімпаздары анықталды. Қазақстандық Артём Саркисян, Назарбай Саттархан, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев бесінші орынға ие болды. Ал алтын жүлдені Жапония құрамасы жеңіп алды. Күміс жүлде Оңтүстік Кореяға бұйырса, қола жүлдені Өзбекстан иеленді.

Ал рапирамен семсерлесуде әйелдер арасындағы командалық жарыста Алёна Гноева, София Актаева және Күлжан Түсіпбекова жетінші орынға табан тіреді.

Бұл санатта да Жапония құрамасы жеңімпаз атанды. Финалда Қытайдан басым түсті. Үшінші орынды Гонконг иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или