Георгий Жуков «Ақтөбе» ойыншысы атануы мүмкін

Георгий Жуков «Ақтөбе» ойыншысы атануы мүмкін

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков «Ақтөбемен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы жартылай қорғаушы ресми түрде «ақ-қызылдардың» қатарына қосылды. Еурокубоктық ойындар үшін «Ақтөбе» басшылығы осындай қадамға барып отыр. Айта кетейік, «Ақтөбе» Уефа Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде польшалық «Легиямен» кездеседі.

Жуков маусым айында «Пущадан» кеткен болатын. Клуба сапында 11 матчта нәтижелі әрекетпен көзге түспеген еді. Бұған дейін ол Бельгияның «Льеж», Ресейдің «Урал», Нидерландының «Рода», Польшаның «Висла», Қытайдың «Цанчжоу» клубтарында ойнаған. Қазақстанда «Қайрат» пен «Астана» сапында өнер көрсетті. Ұлттық құрамада 25 матч өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или