Елордада конкурдан Қазақстан кубогы басталды

Астанадағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде конкурдан Қазақстан Республикасының кубогы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спорттық шара бағдарламасы екі санат бойынша өткізіледі. Қатысушылар 120-дан 145 см-ге дейінгі әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алты бағытта өз шеберліктерін көрсететін болады.
Турнир Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен және халықаралық стандарттарға толық сәйкес ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл жарыстың жоғары деңгейде өтуіне, әділ бағалануы мен кәсіби төрелікке кепілдік береді.
Айта кетейік, Қазақстан кубогының жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің толық есімдері 22 маусымда белгілі болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или