Дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды

Дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды

Будапештте өткен дзюдодан әлем чемпионатының соңғы күнінде өткен аралас командалық жарыс Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ұлттық құрама командасы аралас командалық сайыста Бразилиядан 4:0 есебімен жеңіліп қалды

  • Науано Сильва 1:0 Көркем Орынбек
  • Рафаэль Маседо 2:0 Ермахан Ануарбеков
  • Беатриз Соуза 3:0 Ақерке Рамазанова
  • Рафаэль Бузакарани 4:0 Еламан Ерғалиев

Қазақстан құрамасы осымен әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады. Қоржынымызда жекелей сында бір күміс медаль ғана бар. Алғашқы жарыс күнінде Әбиба Әбужақынова 48 келі салмақта финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или