ММА. Азат Мақсұм UFC-дегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

ММА. Азат Мақсұм UFC-дегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық файтер Азат Мақсұм (15-1) мен ресейлік Тагир Уланбеков (16-2) UFC Baku турнирінде жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі спортшы да таразыда бірдей нәтиже көрсетті – 57,15 келі, бұл 57,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне сәйкес келеді.

Мақсұм үшін бұл жекпе-жек UFC турниріндегі үшінші жекпе-жек болмақ. Қазіргі уақытта оның промоушендегі рекорды - бір жеңіс пен бір жеңіліс.

Уланбеков өз кезегінде UFC аясында өткен алты жекпе-жекте бес рет жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или