Лионель Мессидің голы әлем чемпионатында командасына жеңіс әкелді

Лионель Мессидің голы әлем чемпионатында командасына жеңіс әкелді

Клубтық әлем чемпионатында Интер Майами (АҚШ) пен Порту (Португалия) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz

Ойын Атлантадағы Mercedes-Benz стадионында өтті. Кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Ойынның басында «Портудың» шабуылшысы Самуэль Агехова пенальтиден гол соғып, есеп ашты. 47-минутта «Интер Майами» командасының жартылай қорғаушысы Теласко Сеговия тепе-теңдікті қалпына келтірді. 54-минутта «Интер Майами» командасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси айып добынан гол соғып, командасын алға шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или