Мудриктің B сынамасы допингке оң нәтиже көрсетті

«Челси» шабуылшысы Михаил Мудрик В сынамасын тапсырып, оның нәтижесі А сынамасындағыдай мельдоний атты тыйым салынған заттың барын растады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі The Athletic басылымына сілтеме жасап.
18 маусымда Англия футбол федерациясы (FA) украиналық футболшыға допинг қолданды деген ресми айып тақты.
FA ережелеріне сәйкес, 24 жастағы вингердің айыптаулармен келісуге немесе істі Футбол қауымдастығында қарауды сұрауға 20 күні бар. Мудрик төрт жылға спорттан шеттетілуі мүмкін. Алайда, жеңілдететін жағдайларға байланысты бұл мерзім бір айдан екі жылға дейін қысқаруы ықтимал.
Мудриктің B сынамасы допингке оң нәтиже көрсетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или