Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасына қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасына қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің 11-ракеткасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-500 санатындағы Берлинде (Германия) өтіп жатқан турнирдің ширек финалында әлемдік рейтингтің көшбасшысы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін чемпионы беларусьтік Арина Соболенкоға қарсы алдағы матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің ширек финалында кездеседі.

– Енді сен әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездесесің. Бұған дейін сендер 10 рет ойнадыңдар, сен төрт матчта жеңіске жеттің. Сендердің матчтарыңда ең маңыздысы қорғаныс па, әлде шабуыл ма?

– Біз екеуміз де агрессивті ойнаймыз. Менің ойымша, ешқайсымыз қорғанысты ұната қоймаймыз. Не болатынын көреміз, өзімнің ең жоғары деңгейімді көрсетуге тырысамын және үміттенемін, – деді Рыбакина корттағы сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или