«Рома» жаңа спорт директорын тағайындағанын мәлімдеді

«Рома» жаңа спорт директорын тағайындағанын мәлімдеді

«Рома» клубының құрылымында өзгерістер орын алды: команданың жаңа спорт директоры қызметіне Фредерик Массара тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол бұл қызметке 2024 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеген Флоран Гисольфиді алмастырды.

Массара үшін бұл римдік клубқа алғашқы келуі емес – ол 2011 жылдан 2019 жылға дейін «Ромада» жұмыс істеген, оның ішінде спорт директоры қызметін де атқарған. Кейінірек ол «Милан» клубында жұмыс істеп, кейінгі қызмет орны ретінде Францияның «Ренн» командасында еңбек етті.

Өткен маусымда Италияның А Сериясында «Рома» 38 матчтың 20-сында жеңіске жетіп, 9 рет жеңіліп, тағы 9 кездесуде тең нәтижеге қол жеткізді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или