Сәтпаев әлемдегі үздіктер қатарына енді

Сәтпаев әлемдегі үздіктер қатарына енді

Transfermarkt порталы 17 жасқа дейінгі ойыншылардың трансферлік құнын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингтің топ-30 қатарына алғаш рет 16 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев енді. Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» шабуылшысының нарықтық құны 1.8 миллион еуроны құрады.

Еске салайық, бұған дейін оның құны 500 мың еуро болған. Құнының өсуі Сатпаевқа әлемдік рейтингте 27-орынға көтерілуге мүмкіндік беріп, посткеңестік кеңістіктегі ең қымбат футболшы атанды.

Рейтингте бірінші орынды Испания құрамасы мен «Барселона» вингері Ламин Ямаль иеленді. Оның трансферлік құны 200 миллион еуроны құрайды. Екінші орында жуырда мадридтік «Реалмен» келісімшарт жасасқан аргентиналық Франко Мастантуоно. Оның құны 30 млн еуроға бағаланды. Үздік үштікті «Лилль» жартылай қорғаушысы Аюб Буадди түйіндеді - 28 млн еуро.

Осы маусымда Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-Лигасында тамаша өнер көрсетіп жатыр: 16 матчта 9 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Қазіргі таңда ол чемпионаттың сұрмергендері қатарында көш бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или