Рахмоновты нокаутқа түсіруге уәде берген Хоакин Бакли Камару Усманнан жеңілісі туралы пікір білдірді

UFC-де файтері Хоакин Бакли UFC on ESPN 69 турнирінде Камару Усманнан жеңілгеннен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі MMA.Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.
«Әр раундта ол мені жерге құлатып, қайта тұруыма мүмкіндік бермеді. Майк Бельтранға қараймын – бауырым, бізді бір рет болса да тұрғызшы. Бұл жеңілістен кейін өзімді өте абыржулы әрі қорланған күйде сезініп отырмын. Камару Усман кім болғанын көрсетті. Бұл кеш шын мәнінде осы ойынның деңгейін көрсетті», – деп жазды Бакли.
15 маусым күні АҚШ-тың Атланта қаласында өткен кездесуде Усман Баклиден төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен басым түскен болатын.
Бакли бұған дейін 2024 жылдың желтоқсанында өткен UFC on ESPN 63 турнирінде Колби Ковингтонды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Қазіргі таңда оның еншісінде 21 жеңіс пен 7 жеңіліс бар.
Ал Усман кейінгі жекпе-жегін 2023 жылы қазанда UFC 294 турнирінде өткізіп, Хамзат Чимаевтан жеңілген болатын. Оның қоржынында 21 жеңіс пен 4 жеңіліс бар.
Айта кетейік, бұған дейін Бакли Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізгісі келіп, оны нокаутқа түсіретінін мәлімдеген болатын.