Елена Рыбакина қарсыласын сенімді жеңіп, әлемнің бірінші ракеткасымен кездесуге жолдама алды

2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің 11-ракеткасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымда ол әлемдік рейтингте 74-орында тұрған чехиялық Катержина Синяковадан 6:4, 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.
Ойын 1 сағат 44 минутқа созылды.
Берлиндегі жарыстың жартылай финалына шығу үшін Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенкомен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или