Айымбетовтің РПЛ клубына ауысуы кедергіге тап болды

Айымбетовтің РПЛ клубына ауысуы кедергіге тап болды


Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтің «Крылья Советов» командасына ауысуы клуб басшылығы мен бапкер арасындағы түсініспеушілікке байланысты жүзеге аспай қалуы мүмкін

ҚФФ баспасөз хатшысы Ермұхаммед Мәулен бұл туралы өзінің телеграм-арнасында жазды:

«Абат Айымбетов бұрын «Крылья Советов» командасына ауысып тұрып, кетіп қалған еді. Енді Әдиев бапкер болып, Абатты шақырып отыр. Сөйтсе клуб президенті басқа ойыншы аламыз деп бапкерге қарсы екен. Клубтың демеушілері өздері мына ойыншыларды алу қажет деп тізімін өткізіпті. Үшеуі үш жаққа тартып отыр. Крыловтың баснясындағы «аққу, шортан һәм шаян».


Айта кетейік, Айымбетов өткен маусымда Түркияның «Адана Демирспор» командасында 28 матч өткізіп, бес гол соқты. Команда Суперлигадан шығып қалғандықтан, шабуылшы енді жаңа клуб іздеуде.

Дереккөз: Sports24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или