Қазақстандық мергендер Азия кубогында медальға бір қадам жетпей қалды

Қазақстандық мергендер Азия кубогында медальға бір қадам жетпей қалды


Садақ атудан Азия кубогының Сингапурдағы кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы қола медаль үшін өткен бәсекеде жеңіліп қалды.

Классикалық садақ атудан аралас командалар арасындағы сайысқа Ильфат Абдуллин мен Самира Жұмағұлова қатысты.

Жартылай финалда қазақстандық мергендер Индонезия құрамасынан 2:6 есебімен жеңілді.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан Сингапурға 3:5 есебімен жол берді.

Айта кетейік, блоктық садақ атудан Қазақстан аралас құрама командасы финалға шықты. Олар 20 маусымда алтын медаль үшін Үндістан құрамасына қарсы сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или