IIHF маусымның үздік хоккейшісін анықтады

Швейцария құрамасының шабуылшысы Свен Андригетто 2024/25 жылғы маусымда IIHF нұсқасы бойынша әлемнің үздік хоккейшісі атанды, деп жазады Prosports.kz.
2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған 32 жастағы хоккейші дауыс беруде 34,6% жинап, АҚШ құрамасының қақпашысы, әлем чемпионы Джереми Свэйманды (18,6%) артта қалдырды. Үшінші орынды Чехия шабуылшысы Давид Пастрняк (18%) иеленді. Айта кетейік, ол биылғы әлем біріншілігінің үздік сұрмергені атанған.
Андригетто өткен чемпионатта жеті гол соғып, снайперлер тізімінде екінші орынға жайғасты. Оның төртеуін Германия құрамасына қарсы ойында соқты. Ал клубтық деңгейде «Цюрих Лайонс» сапында ел біріншілігі мен Чемпиондар лигасын ұтып алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или