Сэндхаген: «Мерабты күреспен емес, ММА-мен жеңемін»

UFC-де жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық файтер Кори Сэндхаген Мераб Двалишвилиге қарсы қалай жеңіске жететінін айтып берді, деп жазады Prosports.kz.
Ақпаратқа қарағанда, Сэндхаген – Мерабтың келесі қарсыласы атануы мүмкін. Бұл титулдық жекпе-жек болмақ.
«Мерабпен күресу – оңай шаруа емес. Сондықтан оны күрес дағдысымен емес, ММА техникасымен жеңуім керек. Және ең бастысы – онымен күресуден, шаршап қалудан қорықпауым керек. Егер сен шаршап қалам ба деп алаңдасаң, онда жеңілесің. Мысалы, Умар Нурмагомедов одан қорықпады. Ал Шон О'Мэлли сәл тартынды, бұл оған кері әсер етті. Жалпы, Мерабқа ең қиын қарсылас кім болды? Меніңше – Умар», – деді Сэндхаген Ариэль Хельваниге берген сұхбатында.
Айта кетейік, қаңтар айында Умар Нурмагомедов Мераб Двалишвилиге төрешілер шешімімен ұтылған болатын.