Мендес: «Қазір UFC-дегі басты жұлдыздар - Махачев пен Джонс»

АҚШ-та тұратын Ислам Махачевтің бапкері Хавьер Мендес қазіргі таңда UFC ұйымындағы ең мықты жұлдыздардың кім екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.
«Егер Топурия жеңіл салмақта Оливейраны жеңсе, UFC оны үлкен жобаға айналдырады. Қазір менің ойымша, ең басты жұлдыздар - Джон Джонс пен Ислам Махачев. Бірақ Джонстың соңғы жекпе-жегі қашан болғаны да есімде жоқ», - деді бапкер The Javier & Mo Show подкастында.
Айта кетейік, Иллия Топурия мен Чарльз Оливейра 29 маусым күні UFC 317 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или