Жағажай футболынан Қазақстан суперкубогының иегері белгілі болды

Жағажай футболынан 2025 жылғы маусым Павлодар қаласындағы орталық жағажай стадионында «Малайсары» мен «Ярышъ» командалары арасындағы Қазақстан Суперкубогы үшін матчпен басталды.
Суперкубок жеңімпазы атану үшін командалар екі жеңіске жету керек болды. Бірінші матчта «Ярышъ» қарсыласын тас-талқан етіп, 7:1 есебімен ірі жеңіске жетті. Бұл ойында семейлік ұжым шабуылда белсенді болып, әр мүмкіндікті тиімді пайдаланды. «Малайсары» ойынға толық кірісе алмай, өз алаңында бірнеше қателікке бой алдырды.
Алайда екінші кездесуде Жетісу облысының командасы мінез көрсетті. «Малайсары» 6:4 есебімен жеңіске жетіп, серияны теңестірді. Ойын тартысқа толы өтті, екі тарап та нәтижелі шабуылдарымен жанкүйерлердің көңілінен шықты. Осылайша, Суперкубок иегері үшінші шешуші кездесуде анықталды.
Қорытынды матчта семейлік «Ярышъ» тағы да сенімді ойын көрсетті. Жеңіске деген жігер мен тактикалық тәртіп командаға шешуші кездесуде үстемдік орнатуға мүмкіндік берді. Осылайша, жалпы серияда 2:1 есебімен жеңіске жеткен «Ярышъ» жағажай футболынан Қазақстан Суперкубогының жаңа иегері атанды.
Айта кетейік, «Малайсары» – 2024 жылғы Қазақстан Кубогының жеңімпазы, ал «Ярышъ» – былтырғы ел чемпионы.
Сериядағы есеп: 1:2
Бірінші ойын: «Малайсары» – «Ярышъ» 1:7
Екінші ойын: «Ярышъ» – «Малайсары» 6:4
Үшінші ойын: «Малайсары» – «Ярышъ» 1:5