Бұрынғы әлем чемпиондары рингке қайта оралады

Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа рингке қайта оралуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Супер ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпиондары жекпе-жек өткізу туралы алдын ала келісімге келді, деп хабарлайды GB News.
Дереккөздің айтуынша, жекпе-жек 2025 жылдың соңына дейін Лондондағы аты аңызға айналған «Уэмбли» аренасында өтуі мүмкін.
Айта кетейік, Тайсон Фьюри 2024 жылдың желтоқсанында екінші жекпе-жегінде Александр Усиктен жеңіліп, WBC, WBA және WBO титулдарын қайтарып ала алмады.
Энтони Джошуа да сәтсіздікке ұшырады - сол жылдың қыркүйегінде ол бесінші раундта IBF чемпионы Даниэль Дюбуадан нокаутпен жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или